Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатында үшінші орын алды

Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.
Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

18 қыркүйек, 2025
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды