Қазақстандық балуан Азия чемпионатының финалына шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Омар Сатаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.
Бұл кезеңде қазақстандық спортшы жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берген болатын.
Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Ұқсас жаңалықтар

23 қазан, 2025
Астанада көркем гимнастикадан Grand Prix Alem бәсекесі басталды

23 қазан, 2025
Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

22 қазан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Ауыз «ойнамасын», аяқ ойнасын

22 қазан, 2025
Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті