Қазақстан құрамасы дзюдодан жасөспірімдер Азиадасын 14 медальмен аяқтады

Бүгін, 10:01
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views55
Қазақстан құрамасы дзюдодан жасөспірімдер Азиадасын 14 медальмен аяқтады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 4 алтын, 5 күміс және 5 қола алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы спорт түрінен бәсекелер екі күнге созылған. 

Ұлттық құрамадан Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Бекәли Еркен (-66 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Айша Алтай (-70 кг) қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы болды. 

Аслан Ерғалиев (-55 кг), Алуа Балтабай (-48 кг), Сейфіл Дәулеткерей (-73 кг), Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг) мен Әділжан Жаудинов (+90 кг) күміс жүлдегер атанды.

Ал Адия Жанахмет (-40 кг), Інжу Сахабадин (-44 кг) Інжу Жұмажан (-57 кг), Азима Серік (-63 кг) және Тоғжан Төлебай (+70 кг) Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды. 

Азия ойындарында дзюдо бойынша бәсекеге барлығы 31 елден 182 жас татами шебері қатысты. Жалпыкомандалық медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 2-орынға ие болды.