«Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридпен» матчтың билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

2 қыркүйек, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views77
«Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридпен» матчтың билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: freepik.com

«Қайрат» футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында «Реал Мадридпен» матчтың билеттеріне қатысты мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде билет сатылымына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан «Қайрат» – «Реал Мадрид" УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат – шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама. Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер – клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары», – делінген хабарламада. 

«Қайрат» футбол клубының ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. 
Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтары 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында ойнайды. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады деп белгіленген.