00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық гимнасттар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Астаналық гимнасттар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Гонконгта эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Астаналық команда жарысты сәтті аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирде Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур және Жапонияның мықты командалары арасында 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Астанадан барған гимнасттар үш жас санатындағы жүлдегерлер тұғырына көтерілді. 16 жастан асқан әйелдер санатындағы Азияның күміс жүлдегері елордалық Samruk командасы болды: Ақерке Оңғарбай, София Жаркенова, Адина Қабдула, Дамиля Санатова, Индира Боскеева, Айғаным Мұхамеди, Аянат Аленова, Нұрай Дон, Дария Касаева, Ангелина Павловская.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында Alan-Junior (Астана) командасының гимнасттары чемпион атанды: Рауана Әлбекова, Айша Мұхитбекова, Варвара Кондратенко, Дарина Нақып, Ислана Русланқызы, Алнұр Болатбек, Адина Орынбай, Лилия Юн, Софья Юн, Аяжан Көктеубай. 

Елордалық «Алан-Рио» командасы 12-14 жас аралығындағы балалар санатында чемпион атанып медаль жеңіп алды: Ясмина Тастанбек, Латифа Пшенова, Бэлла Бигаринова, Адия Болатова, Дарья Островенко, Томирис Сағадат, Медина Исағали, Аруна Мекебаева, Адия Рахимова, Мария Шпакова.

«Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатында елімізді лайықты таныстырды. Спортшылар өздеріне жүктелген міндеттерді орындады. Мұндай нәтижелерге қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының жоспарлы жұмысының арқасында қол жеткізілді. Жаттықтырушылар мен хореографтардың кәсіби жұмысын атап өткен жөн. Балаларға деген сенімі, көмегі мен қолдауы үшін гимнасттардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті эстетикалық топтық гимнастика бойынша бас жаттықтырушы Венера Жайлауова.