Астаналық боксшы Айбек Оралбай Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Фото: ҚР ҰОК
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) боксшы Айбек Оралбай 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы да қайталап, жеңімпаз атанды. Ол финалда Қытай өкілі Абудурешити Ремуланы сан соқтырды. Осылайша, Айбек командаға 4-алтынды салды.
Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:13
«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды
Бүгін, 13:52
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды: қоржынымызда неше жолдама бар
28 қазан, 2025
Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының алтын және қола жүлделерін иеленді
28 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасынан үш балуан финалға өтті
