Анастасия Городко фристайл-могулдан үш дүркін әлем чемпионы атанды
8 қаңтар, 2025
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол параллельді могулда үздік атанды. Ақтық сында Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді.
Қола жүлдеге Эбби Макларнон (АҚШ) ие болды.
Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде иеленді: параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Сондай-ақ 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могул бойынша бірінші, ал параллельді могулда екінші орын алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
29 наурыз, 2026
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды
29 наурыз, 2026
Дзюдошы Данияр Шамшабаев Еуропа кубогында жеңімпаз атанды
29 наурыз, 2026
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлде иегері атанды
28 наурыз, 2026
Астанада БАҚ лиганың қысқы маусымы аяқталды