Азия чемпионаты: Бүгін кімдер жұдырықтасады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында 3 боксшымыз рингке шығады, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың төртінші күні жастар арасында әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады.
Бүгін сондай-ақ Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түрікменстандық Сапармұрат Одаевпен жекпе-жекке шығады.
Ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен сынға түседі.
Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:43
Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады
Бүгін, 14:57
Астанада жеңіл атлетика жұлдыздарының қатысумен халықаралық жарыс өтеді
Бүгін, 12:05
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін турнирге қатысады
Бүгін, 10:19
Неше Олимпиада ойындарының жүлдегері Қазақстан азаматтығынан бас тартқан