Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін рингке кім шығады
15 тамыз, 2024
Айман Нығмет
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін бір боксшымыз алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай 3 қарашада таиландтық Раксат Чутхаматпен қолғап түйістіреді.
Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2012 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2014, 2016 жылдарда алтыннан алқа тақты. 2021 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетейік, 2 қарашада ел құрамасынан үш боксшымыз сынға түсті. Олардың қатарынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:05
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін турнирге қатысады
Бүгін, 10:19
Неше Олимпиада ойындарының жүлдегері Қазақстан азаматтығынан бас тартқан
12 қаңтар, 2025
Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
11 қаңтар, 2025
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді