00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатында қола медаль иеленді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстандық Артем Антропов Бахрейн астанасы - Манама қаласында өткізіліп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Азия чемпионатында 96 келі салмақта сынға түскен Артем Антропов қоссайыстың нәтижесінде 377 (158+219) келіні бағындырды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.

Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова қола жүлде алды.