00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің финалына шықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің финалына шықты

Сербиялық теннисші жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ресейлік спортшы басымдылық көрсетті – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте Джокович сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Бұдан кейін Медведев жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, финалда Новак әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесетін болды.