Елордалық әйел полицейлер арасында спартакиада өтті
Тергеу департаменті ІІМ Тергеу департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті мен Көліктегі Полиция департаментінің командалары арасында спартакиада ұйымдастырды.
Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орай С.Нұрмағамбетов атындағы “Жас ұлан” республикалық мектебінің базасында өткізілді.
Спартакиада волейбол, үстел теннисі, эстафета және арқан тарту сияқты командалық ойындардан өтті.
Жалпы командалық есепте Көліктегі Полиция департаментінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің командасы иеленді. Ал үшінші орын ІІМ Тергеу департаментінің командасына бұйырды.
Спартакиадаға қатысушыларды Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов құттықтады. Ол өз сөзінде ерлермен қатар қызмет атқаратын, кезекші нарядтарға түсетін, күрделі, көп эпизодты істерді тергейтін әйел тергеушілердің ерекше рөлін атап өтті.