00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жапониялықтар Фуна Козаки – Мисаки Мацудамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:0, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті. Анна Данилина осылайша жұптық сында ITF World Tennis Tour додаларында спорттық жолындағы 23-інші, биылғы 9-титулына қол жеткізді.

Ол сондай-ақ биыл Польшада WTA 250 жарысында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.

Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші қазіргі кезде жұптық сында әлемдік рейтингіде 75-орында тұр.