«Өтірік айтпай-ақ қояйын»: Серікбол Сайлаубек не үшін ажырасып кеткенін айтты
Бұл туралы әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Халықтың батасын жинаған соң, алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жылдай болды. Қазір ол кісі өзімен өзі. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды?! Мүмкін мен де кінәлі шығармын. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді, – дейді ол.
Бүгінде әнші төрт бала тәрбиелеп отыр.
«Мықты әкемін» деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Уақыт жоқ, балалардың қалай есейіп жатқанын білмеймін. Апасы, анасы тәрбиелеп жатыр. Мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Келесің, 2-3 күн боласың ба, болмайсың ба, қайтадан кетесің. Тойға шақырады. Сол тойда біздің жүргенімізді қалайды, ән айтпасақ да, қонақ болуымызды абырой санайтын адамдар болады. Соның өзі біздің еңсемізді көтеріп қояды. Содан бір кеткеннен жоқсың, басқа не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Ұрпақ, әулет, туған-туыс, ағайын бар дегендей. Маңдайымызға жазылғаны осы, – дейді Серікбол Сайлаубек.