00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сотқа жүгінген Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа деректерді айтты

Сотқа жүгінген Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа деректерді айтты
Фото: Жұлдыз Әбдікәрімова

Бірер күн бұрын құрылыс компаниясын сотқа бергенін хабарлап, заңгерлерден көмек сұраған Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі бұл қиын сәтте өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтып, іске қатысты жаңа деректі жария етті. Айтуынша, аталмыш құрылыс компаниясына тағы бірнеше адам арыз түсірген.

«Сотқа байланысты маған қолдау білдіріп жатқан әр жанға алғыс білдіргім келеді. Қалайша бұлай болды дегендер де бар. Білесіз бе, алаяқ деп маңдайына жазып алмайды екен. Мен сияқты сан соғып қалғандар да хат жолдауда. «TumarGrandVillage» құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік», - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясын сотқа бергенін хабарлап, заңгерлерден көмек сұраған болатын.