«Проблема емес»: блогер Дана Есеева сәлем салуға қатысты пікірін білдірді

1 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Проблема емес»: блогер Дана Есеева сәлем салуға қатысты пікірін білдірді
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Кәсіпкер, блогер Дана Есеева енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қалай шыдап жүрсің? Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасың ба?» дегендер көп болды. Мен одан проблема көріп тұрған жоқпын. Ол - проблема емес. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиыны жоқ қой. Батасын аласың қайта», – дейді блогер. 

Айтуынша, керісінше орамал оны келін болып түскенде бір ұяттан аман алып қалған.

«Мен керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін, орамалды тастамай тақтым. Келін болып түскен кезім. Блондинка болып жүрдім. Артық сөз болмасын деп, орамалды бірден тағып алдым. Соның өзінде суреттен көргендер: «орыс па, татар ма?» деп сұраған екен», – деп түйіндеді сөзін Есеева.

Сондай-ақ Дана Есеева Өзбекстанның Зарафшан деген қаласына келін болып түскеннен кейін екі аптаның ішінде палау жасауды үйренгенін айтты.