Мақпал Жүнісованың қызы Мерей анасына ән арнады


Халық әртісі Мақпал Жүнісованың жалғыз қызы Мерей Заманбекқызы анасына арнап ән шырқады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол қазақ киносының алтын қорындағы «Тақиялы періште» фильміндегі эпизодта орындалған «Ана» әнін шырқап, анасына деген ақ тілегін арнаған бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктеді.

«Анашым, сені Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Мен сені өте қатты сүйемін. Әрқашанда жанымдасың. Әрқашанда мені тыңдап, ақылыңды бересің. Осындай анашымның барына қуаныштымын. Мың алғыс айтамын. Мен сені өте қатты сүйемін. Мерекеңмен!» - деп құттықтады ол анасы Мақпалды.

Бұл бейнежазбаны көрген оқырмандар оған ақ тілегін жаудырды.
«Мерей деген есім өз иесін тапқан. Мамасы мерейлі перзентіне мейірленіп жүріп, 100 жасасын, шын жүректен тілейміз!», «Қандай тұнық бала даусымен орындаған! Анасының сүйікті, ерке қызы екені көрініп тұр», «Жаным сол, қандай дауыс. Дайын әнші. Анаңмен бірге сахнаға шықсаң, қандай керемет болар еді», «Мерей, өзіңді бағалап, бақытты ететін адал жігіт кездессін», «Мақпал ханым, Мерейдің қызығына марқайып, немере-шөбере сүйе беріңіз!» деп жазды оқырмандар.



