«Ұлттық дәстүрді ұлықтаған...»: Әнші Тамара Асар көпшілікті сүйсінтті


Танымал әнші Тамара Асар жолдасының зауытында қазан көтеріп, дастархан жайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесі «Астық» зауытында ұйымдастырылған Наурыз мейрамына қатысты.
«Астық» элеватор жабдықтар зауыты қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Наурыз мейрамын өткізді. Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр ата батасын беріп, киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатылып, наурыз көже, қуырдақ, шелпек, бауырсақ пісіріліп, тәттілер таратылып, бағалы сыйлықтар беріліп, лоторея ойнатылып, арқан тартыс, гір көтеріп мәре-сәре болды. Біз бүгін баларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық», - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары зауыт ұжымына тамақ әзірлеген әншінің еңбегін жоғары бағалап, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
«Жолдасыңыз керемет басшы екені көрініп тұр», «Ұжымдастар бір үйдің баласындай тату», «Атыңыз жер жарған атақты әнші болсаңыз да, Тамара ханым, үнемі уақыт бөліп, жолдасыңыздың мәртебесін көтеріп жүресіз!», «Маңғыстаудың қазақилығын насихаттап жүргенің – керемет», «Ұлттық дәстүрді ұлықтаған отбасыға мың алғыс», - деп жазды көпшілік.



