«Бір Алла біледі»: Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/tattti_kyz
Денсаулығына байланысты концерті кейінге шегерілген Төреғали Төреәлінің қарындасы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесінің қос қарындасы Астанадан Алматыға барды.
«Ағамның жағдайын білу үшін аяқ-асты ұшып келдік. Алматыға қонғанда жүрегім орнына түсті. Бірақ қандай күйде жеткенімді бір Алла ғана біледі», - деп жазды Дина Төреәлі.
Еске салайық, өнер иесінің төрт қалада жоспарланған концерті өтпейтіні белгілі болды.
«Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деген. Алла шипасын берсін», - деп жазған еді әншінің әкесі.
Ұқсас жаңалықтар
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты
18 қазан, 2025
“Жаңа кезеңге жол ашты”: Кәмшат Жолдыбаева көрерменнің көкейіндегі сұраққа жауап берді
16 қазан, 2025
«Үш жылдың жемісі»: Ерке Есмахан Raim-мен отау құрғандарына үш жыл толғанын айтты
15 қазан, 2025
«Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың»: Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жариялады
