«Қазақтарды менсінбейді»: Әнші Жазира Байырбекова шу шығарды

7 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Қазақтарды менсінбейді»: Әнші Жазира Байырбекова шу шығарды
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекова түсірілім алаңында ашуланып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі бағдарламаның түсірілім тобына көңілі толмағанын жеткізді. 

«Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Бағдарламаның атын айтпай-ақ қояйын. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп дөрекілік көрсетіп, «Тұмар» ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі», - деді әнші. 

Желі қолданушылары бет әрлеушінің қылығын аямай сынап жатыр. 

«Орыстар біздің елде жүріп, қазақтарды менсінбейді», «Сізге сабыр берсін», «Мұндай қызметкерлерді жұмыстан қуу керек», «Бағдарламаның атын неге айтпайсыз?», «Намысшыл болсаң, сондай болады», - деп жазды көпшілік.