Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы бірқатар спортшыларды марапаттады

18 қыркүйек, 2025
Елімізде спортпен шұғылдануға жағдай жасалған - Тоқаев

18 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Әлем чемпионаты жүлдегерлерін марапаттау шарасына қатысты

18 қыркүйек, 2025
«Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына сай келеді – Тоқаев