Сербия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды

Фото: akorda.kz
Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20 қазан, 2025
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

17 қазан, 2025
Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

17 қазан, 2025
«Орталық Азия + Жапония»: желтоқсанда Токиода өтетін Саммитке дайындық мәселелері талқыланды