Президент Малайзия Премьер-министрін әуежайдан шығарып салды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Малайзия Премьер-министрін әуежайдан шығарып салды
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.