Президент ЕЭК алқасының төрағасын қабылдады
15 тамыз, 2024


фото: akorda.kz
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.
Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар

22 ақпан, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхаттарын жолдады

21 ақпан, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттырады

20 ақпан, 2025
Президент Үкіметке өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдатуды тапсырды

20 ақпан, 2025
2024 жылғы Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктері қандай