Президент алдағы күндері іссапармен Қытайға барады
15 тамыз, 2024


Оңалхан Оңерхан
Мемлекет басшысы алдағы күндері Қытай Халық Республикасына іссапармен барады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар

22 ақпан, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхаттарын жолдады

21 ақпан, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттырады

20 ақпан, 2025
Президент Үкіметке өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдатуды тапсырды

20 ақпан, 2025
2024 жылғы Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктері қандай