Мемлекет басшысының Ереванға ресми сапары басталды
15 тамыз, 2024


фото: akorda.kz
Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.
Ұқсас жаңалықтар

22 ақпан, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхаттарын жолдады

21 ақпан, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттырады

20 ақпан, 2025
Президент Үкіметке өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдатуды тапсырды

20 ақпан, 2025
2024 жылғы Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктері қандай