Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты

20 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views176
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты
фото: Оңалхан Өнерхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.