Мемлекет басшысы Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:31
«Таза Қазақстан»: Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Бүгін, 15:08
«Жоспарымда бар»: Биыл Президент Қостанай облысына барады

Бүгін, 14:49
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек – Тоқаев

Бүгін, 14:41
Мемлекет басшысы еліміздің диқандарына ризашылығын білдірді