Астана мен Санкт-Петербург арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Нева жағасындағы қалаға ресми сапардың қорытындысы Астана қаласының мәслихаты мен Санкт-Петербург қаласының заң шығарушы жиналысы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл туралы Санкт-Петербург заң шығарушы Жиналысының төрағасы Александр Бельскиймен 2024 жылдың мамыр айында Астанаға сапары кезінде келістік,- деп жазды Е.Каналимов.
Құжат экономика, мәдениет, туризм, сауда, жоғары және орта арнаулы білім беруді дамыту, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, сондай-ақ мәдени іс-шараларды бірлесіп өткізу сияқты салалардағы ынтымақтастықты көздейді. Меморандумнан бөлек алдағы 5 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді, оған орындау мерзімдерімен ынтымақтастық жөніндегі нақты қадамдар кіреді.