Президент Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан да түркітану ғылымын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр - Президент

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

16 қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды