Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
16 желтоқсан, 2024


фото: aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:28
Қазақстан Қырғызстанмен маңызды келісімді ратификациялады

25 мамыр, 2025
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 мамыр, 2025
Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

24 мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады