Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 18:02
Қазақстан да түркітану ғылымын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр - Президент

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

16 қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды