Оралда терминалдан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: видеодан скрин
28 наурыз күні кешкі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінде белгісіз адамдар банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл қаражат 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен.
Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп алған. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:21
Полицейлер 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:43
Екі күн ішінде іздеуде жүрген 286 қылмыскер ұсталды – ІІМ

Бүгін, 12:05
«2 млрд теңгеден асады»: ШҚО-да мәслихат депутаты ақша жымқырды деген күдікке ілінді

19 қазан, 2025
Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды