00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мәслихат депутаттары әуе апатынан қаза тапқан азаматтарды еске алды

Мәслихат депутаттары әуе апатынан қаза тапқан азаматтарды еске алды
Фото: Ерлан Каналимов/Facebook

Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ақтау қаласы маңында болған әуе апаты салдарынан қаза тапқан азаматтарды еске алып, гүл шоқтарын қою үшін Әзербайжан Республикасының Елшілігіне барды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Осы қайғылы оқиғаға байланысты қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілеймін», - деп жазды Ерлан Каналимов.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы тиісті органдарға Астанадан Ақтау қаласына дәрігерлер мен медицина мамандарының шұғыл тобын жіберуді тапсырды.