Елордада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі анықталды
1 қараша, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Елордада ұрлыққа қатысы бар хостел әкімшісі анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтады. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкені қалдырып, ол уақытша кетіп қалған. Әйелдің жоқтығын пайдаланып, хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын тізбекті ұрлап кеткен.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

1 тамыз, 2025
Шымкентте азаматтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 тамыз, 2025
Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жыныстық зорлықтың құрбаны болған