Елордада эпилепсиямен ауыратын 10 жүргізуші куәлігінен айырылды

Бүгін, 16:43
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада эпилепсиямен ауыратын 10 жүргізуші куәлігінен айырылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, қайшы көрсеткіштерге ие «Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.

Мысалы, жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өз кезегінде аталған тұлға 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

«Жол жүрісі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болып табылады.

Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғастырады.