00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Екібастұзда зейнеткердің 13 миллион теңгесін ұрлаған күдікті анықталды

17 желтоқсан, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы Зарина Сәрсенбайқызы
Екібастұзда зейнеткердің 13 миллион теңгесін ұрлаған күдікті анықталды
фото: Polisia.kz

Екібастұз қаласының полициясына қала тұрғыны, зейнеткер әйел арызданды. Ол белгісіз біреулердің өзінің банктік шотынан 13 миллион теңге көлемінде қаражатты заңсыз иемденгенін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Тергеу барысында белгілі болғандай, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында инсульт бөлімшесінде ем қабылдаған. Сол уақытта оның палатасында бірнеше науқас жатқан.

Тәртіп сақшылары науқастардың барлығынан жауап алды. Тексеру нәтижесінде, зейнеткердің банктік шотына «Kaspi» банкінің мобильді қосымшасы арқылы заңсыз кіріп, ірі көлемдегі қаражатты ұрлаған жас әйел анықталды. Күдікті қылмысын мойындап, бұл әрекетінің әшкере болатынын ойламағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Заң мен тәртіп» қағидасы ішкі істер органдарының басты ұстанымы болып қала береді. Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қырағы қызмет атқаруда. Әрбір құқық бұзушы заң алдында міндетті түрде жауап береді», – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері.