Атырауда мемлекеттік туды қорлаған қыздарға қатысты сот үкімі шықты
Фото: әлеуметтік желіден
Атыраудағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот үш қыздың Қазақстан туымен түскен даулы фотосына қатысты істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Олар араб тілінде жазу жазылған ҚР туын ұстап суретке түскен. Суретті әлеуметтік желіге жариялаған. Сот қыздардың бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп айыптады.
Сот үкіміне сәйкес, қыздардың бірі 15 тәулікке қамауға алынды.
Ал екіншісіне 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы 39 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:02
БҚО тұрғыны 10 қап өзен шаянымен ұсталды
Бүгін, 11:00
Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
31 қазан, 2025
Қостанай прокуратурасы сот арқылы 57 гектар жерді жекеменшік компаниядан қайтарды
31 қазан, 2025
Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесі: сот бір жасөспірімнің анасын жазалады
