Атырауда ұлын өз-өзін өлтіруге итермелеген ер адам сотталды
Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлады Elordainfo.kz Caspian news-ке сілтеме жасап.
2023 жылдың қараша айында сотталушы кәмелетке толмаған ұлына қатыгездік көрсетіп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген
«Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куәгердің және іс бойынша куәгердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындылары, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады», – делінген хабарламада.
Дегенмен сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 58-бабы 6-бөлігі негізінде айыпты деп танылды. Осылайша оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.