Алматыда есірткіні жарнамалаған азамат ұсталды
Алматыда есірткіні жарнамалаған азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының полицейлері 33 жастағы тұрғынды ұстады. Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысында ер адам ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған.
«Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да көркем құрал-жабдықтарды алып, үйлердің ауласы жағына барған. Оның қасында серігі болған. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады, ал күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.