00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 43 жастағы мұғалім оқушыларға қырындады деген күдікке ілінді

Астанада 43 жастағы мұғалім оқушыларға қырындады деген күдікке ілінді
Фото: ЖИ иллюстрациясы

Әлеуметтік желіде елорданың №32 гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі оқушыларына қырындады деген ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мектеп мұғалімі оқушы қыздарға сабақтан кейін WhatsApp-та сезімін білдіріп, хат жазған. Бұл туралы ата-аналары мәлімдеді.

Осыған қатысты қалалық Білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады.

Тарих пәнінің мұғалімі мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап қызмет еткен. Ол сынақ мерзімінде болған.

«Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйек күні ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылды. Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр», - деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.