Ақтөбе облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді
19 тамыз, 2024
фото: polisia.kz
Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 шілдеде Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Құтикөл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Масақ-көл су айдынында балықты заңсыз аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.
Ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 75 келіден асатын 139 сазан және бес балық аулау торы тәркіленді.
Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Далада 5 күн жатқан малшыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды
20 наурыз, 2026
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
20 наурыз, 2026
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді
20 наурыз, 2026
Террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам сотталды – ҰҚК