Қаңтар оқиғасы: Ұрланған қару-жарақ Астана мен Щучинск қалаларынан табылды

Фото: Elordainfo.kz
Шілде-тамыз айларында Астана мен Щучинск қалаларында қару-жараққа заңсыз ие болып отырған бір топ адам ұсталған, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«Астанадағы тінту кезінде Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинск қаласынан 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі табылды», - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері комитет заңсыз қару «бизнесімен» айналысқан 13 топты, жасырын қару істейтін 2 цехты жойған екен. Бұл топтардан 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 44 жарылғыш зат және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленген.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды