Ақмола облысында жанып жатқан үйге қайта кірген қария көз жұмды
Фото: Ақмола ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін таңертең Щучинск қаласында көппәтерлі бір қабатты тұрғын үйде өрт болып, шатыр өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақмола ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт кезінде пәтерде әйел адам және оның 1941 жылы туған анасы болған. Түтінді сезген әйелдер көшеге шыққанымен, зейнеткер белгісіз себептермен жанып жатқан үйге қайта кірген. Шақыру орнына келген Щучинск қаласы жасағының өрт сөндірушілері әйел адамды көшеге шығарды, бірақ, өкінішке қарай, көп ұзамай ол қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:02
БҚО тұрғыны 10 қап өзен шаянымен ұсталды
Бүгін, 11:00
Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
31 қазан, 2025
Қостанай прокуратурасы сот арқылы 57 гектар жерді жекеменшік компаниядан қайтарды
31 қазан, 2025
Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесі: сот бір жасөспірімнің анасын жазалады
