00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық ақындар байқауының жеңімпаздары марапатталды

29 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық ақындар байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Асхат Ораловтың парақшасынан

Елорданың 25 жылдығына арналған «Жасай бер, жайнай бер, Астана» атты республикалық ақындар байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл 11-ші мәрте өткен мүшайраға  еліміздің барлық өңірінен жүзден астам ақын қатысты. Үздіктер елордадағы «Жастар» театрында марапатталды, деп жазды Мәдениет және спорт министрлі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Мен байқау жеңімпазы — Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбайды марапаттадым. Оның «Астананың аспаны» өлеңдер топтамасын Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, танымал әдебиетшілер, сыншылар, ғалымдардан жасақталған қазылар алқасы өте жоғары бағалады, - деді министр.

Барлығы 12 қатысушы жүлдегер атанды.

Мен байқау жақсы дәстүрге айналғанын атап өттім. Сондықтан оны өткізу одан әрі жалғасуы керек. Бұл жағдайда оны ілгерілетуге баса назар аудару қажет. Сондай-ақ, әдеби байқауға келіп түскен барлық жұмыстарды жинақтап кітап шығаруды және оны еліміздің кітапханаларына таратып, танымал етуді ұсындым, - деді Асхат Оралов. 

Сондай-ақ министр мұндай іс-шараларды Астана мен Алматыдан басқа қалаларда да өткізуге ұсыныс айтты. 

Тағы бір ұсыныс - мұндай іс-шараларды тек Астана мен Алматыда ғана емес, сондай-ақ талантты жастары бар еліміздің барлық өңірлерінде өткізу керек. Осы арқылы біз оларға өздерін танытуға және әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береміз. Ол үшін Қазақстан Жазушылар одағымен тығыз стратегиялық әріптестік шеңберінде жұмыс істейтін боламыз, оның ішінде бүкіл ел бойынша осындай конкурстарды өткізуге қаржылық қолдау көрсетілетін болады, - деді Асхат Оралов.