00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолымбетте «Ата дәстүр асыл қазынам» атты мәдени іс-шара өтті

30 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жолымбетте «Ата дәстүр асыл қазынам» атты мәдени іс-шара өтті

Жолымбетте «Ата дәстүр асыл қазынам» атты мәдени іс-шара өтті Elorda.info. 


1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Шортанды ауданының Жолымбет кентінде «Ата дәстүр асыл қазынам» атты бай мазмұнды халықтық мәдени шара өтті, деп хабарлады 


Ауыл тұрғындарының рухани тұрмысын байытып, халықтық спорт қимылдарын жандандыру мақсатында өткізілген бұл шарада арқан тарту, қол күрес, жілік сындыру, ат бәйгесі, балуан, қызқуу, жаяу жарыс(жүгіру) сынды спорт түрлеріне кезек берілді. Ауыл өнерпаздары шағын концерт қойып, шараға жиналған көптің көңілін көтерді. 

-Біз бұл шараны ораза айт мерекесі күні өткізуді жоспарлаған едік. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, яғни «бірлік күні» қарсаңында өткізіп жатырмыз. Шараны өткізуге ауылымыздың белсенді азаматтары ұйтқы болды. Ауыл тұрғындары да айрықша ықылас танытып, шараны өткізуге аянбай ат салысты. Біз бұл шараны аулымыздың бұқаралық спорт қимылдарын жандандырып, ат спорты ойындарын дамытуға  қозғаушылық жасау мақсатында ұйымдастырдық. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын тапса дейміз. Аудан, облыс жағынан кенттерде осындай шаралар ұйымдастырып, өткізіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді,- деді осы шараны ұйымдастырған белсенді азаматтардың бірі Берденбек Тоқай. 

                               Қалиакбар Үсемханұлы