00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әйгілі «Азия дауысы» 20 жылдан соң қайта оралды   

Әйгілі «Азия дауысы» 20 жылдан соң қайта оралды   

Биыл Алматының «Медеу» мұз айдынында «Азия дауысы» байқауы араға 20 жыл салып қайта оралатын болды,  деп хабарлады Elorda.info

 Аты аңызға айналған байқау 28-30 шілде күндері өтеді. Бұл туралы өткен аптада арнайы ұйымдастырылған «Азия дауысы» пикнигі кезінде байқау ұйымдастырушылары мәлімдеді.  Шынайы серуенге негізделген пикник кезінде қонақтарға дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен тарту етілді. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделі орын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды бірге еске алды. Халық қосылып ән айтып, би биледі.  

Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс–шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның бірі Алматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсе ұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіруге тура келеді. Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу,- деді фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы  «Азия дауысы» байқау ретінде өтпейді. Бұл жолы тек  старт-концерт ретінде ұсынылады. Өйткені адамдар байқауға қатысу үшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс.

Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдің бірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнаға шығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететін Black Eyed Peas тобының концертінен де шулы болып өтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұнымена яқталмайды,-деп атап өтті А. Байтасов.  

Айтпақшы, біраз жылдан кейін қайта оралатын «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bank болып отыр. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл аталған қаржы ұйымы өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты «100 игі іс» әлеуметтік-мәдени шараларды қамтыған ауқымды акциясының бірі ретінде осы байқауға демеушілік танытуды қолға алып отыр.