00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақтың ән-күйі Анадолыда асқақтады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақтың ән-күйі Анадолыда асқақтады

Қазақтың күйі мен әні Анадолыда асқақтады. Жетісу фольклор және музыка тобы жергілікті халыққа тамаша көңіл күй сыйлап, ән-күймен сусындатты, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Көкту қазақ мәдениеті қоғамының ұйытқысымен өткен шара Тәуелсіздік күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылды. Концертте қазақтың даңқты композиторларының патриоттық әндері шырқалып, дәулескер күйшілердің күйлері күмбірледі.



Концерттің болатынын интернеттегі хабарламадан білдім. Өзім түркі жұртының әуендерін сүйіп тыңдаймын. Мұндай шаралар екі ел арасында мәдени көпір болумен қатар, халықтарды одан әрі жақындатады, - деді көрермен Мехмет Дұрсун.