00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Құрт» атты қысқаметражды фильм көрерменге жол тартты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Құрт» атты қысқаметражды фильм көрерменге жол тартты

Елімізде «Құрт» атты қысқаметражды фильм көрерменге жол тартты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министірлігінің қолдауымын сонымен қоса Қазақ Ұлттық Кино қолдау орталығының үлесі арқылы дүниеге «Құрт» атты қысқаметражды фильм келді.

Фильм Қазығұрт тауының аңызында негізделген мистика, хорор, детектив жанрында түсірілген. Ұзақтығы 20 минут. Режиссері Асылжан Абдумуталиев. Фильм оның дебюттік жобасы болып келеді.

 Кино 11 күн көлемінде Қауынбайсай және Абай ауылдарында түсірілді.

Түсірілім тобы Алматы қаласынан келді. Қоюшы-оператор Жандос Жобалай, Қоюшы-суретші Алтынай Құмарбек. Басты рөлдерде Бекарыс Шалқар, Нұржігіт Мергенбай, Мадина Ақылбекова және Райхан Айтқожанова.

Үлкен ұжымның еңбегін алдағы уақытта әлемдік кинофестивальдарда көруіміз әбден мүмкін.