00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Отыздан асып барамын»: Фильмді түсіруге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Отыздан асып барамын»: Фильмді түсіруге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

 «Отыздан асып барамыз» фильмі 40 күннің ішінде түсірілді. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар форумында Brave Talents негізін қалаушы Алмас Жали айтты, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

40 күннің ішінде түсірген «Отыздан асып барамын» фильмі ішкі дауыс беруде рекорд орнатты. Фильм қысқа ғана уақыттың ішінде түсіріліп, ең көп қаралым жинады. Өткен жылдың желтоқсан айында жарық көрген фильмді көпшілігіңіз көрді деп ойлаймын. Оны 72 млн теңгеге түсірдік, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл фильм аз қаражат жұмсалғанымен, нәтижесі жоғары болған сәтті жобалардың бірі саналады.

Бұл белгілі бір өнімді миллиардтаған қаражатқа емес шағын бюджетке түсіруге болатындығының жарқын үлгісі саналады. Фильм қараламы 10 миллион асып түсті, - деді Алмас Жали.